07.09.2022
160
Ақ күшік
Ей, ақ күшік!
Мен досты, сен жем іздеп,
Сенделеміз сенім жоқ.
Санамызға селкеу түсіп, сам құлап,
Ақ қар жатыр аяқталмас теңіз боп.
Ұшып кеткен көктем мен жаз – қыз ғұмыр,
Ал, іздейді суық кеште бізді кім?
Саған жырып берер едім аузымнан,
Өзімде де нан қалмады бір үзім.
Сен күшіксің,
Мен пысықпын,
Пендемін,
Сен талшықты,
Мен досымды көрмедім.
Екі кештің арасында екеуіміз,
Тұрдық күңгірт сәулелермен тербеліп.
Бара жатты кеш өмірдің көрі боп,
Ұрып жатыр кеудемізден жел үдеп.
Сен иттікті,
Пенделікті мен тастап,
Көкке қарап ұлыдық көкбөрі боп!!!
26 қараша 2006ж.