07.09.2022
90
Жер
Әй, менің,
Байтақ дала, бай жерім,
Мекені болған батырлар менен бәйгенің.
Қуанышқа да ортақ боп,
Өңіріне салған қайғы өрім.
Беу, жерім,
Мәңгі мекенім сен менің.
Зорлығын көрген талайда тастай кеуденің,
Білді ме екен сорлылар,
Қазарын сенен көрлерін.
Зар бүркем,
Таптырмай тыныс тар күркем.
Татиды удай ауызға салған балкүлшем.
Суық заманда пананы қайдан табамыз,
Секілді менің бұл күнде жерім жалбыр тон...
21 ақпан 2005ж