07.09.2022
  102


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жарға наз

Мен саған назданамын,
Мен қазір қиялымда бозбаламын.
Мен деген алқам-салқам ақынмын ғой,
Көмескінің барлығын қазба жаным.
Есіл досым,
Иенде қалып табаным тесілмесін.
Бір күндері білмеймін, түсінбесең,
Өкінерсің еске алып кешірмесін.
Сәл ішіппін,
Жатыр менің санамда алысып мұң.
Айта білгім келеді айтарымды,
Сайтаныммен жүргем жоқ алысып құр.
Өзіңе еркеледім,
Махаббат табынарым - көркем өмір.
Анда-санда жауғанда бір таситын,
Мен деген қарт Алтайдың ерке өзені.
30 қараша 2004ж.





Пікір жазу