07.09.2022
  99


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сам жамырады самала сайдан...

Сам жамырады самала сайдан,
Жақындап түнге барама, қайдам?
Іңірдің үрейлі көріністері,
Сап ете қалды санама қайдан?..
Апыр-ау, неткен мезгіл меңдеген,
Көлегейлеп күрең көзді реңменен.
Тамыздың сонау жылғы бір кеші,
Есіме түсіп, езгілеуде ерен.
Қарауытып орман шашын жаяды,
Тап сол бір кеш те осындай еді.
Дәл осы кешке сіңіп жоғалған,
Арыммен сүйген асыл Баяным.
Қара түн тезден жүгір бері таман,
Қалмады жүректі жұлып жер шамам.
Қаймағыңа көміп қалқытып әкет,
Барамын сыймай жұмыр жер саған.



Қазан 2004ж.





Пікір жазу