meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.09.2022
  163


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жалған

Баянсыз бәрі, қырысқа айналған,
Құлауға пейіл, тырыспайды арман.
Күндерім қазір қыздар сияқты,
Бөксесі бұлтиып бұрышты айналған.
Бекерден күйсе бұтам оттарға,
Ілінбей кетсе нысана оқтарға.
Қоғам да бір күні құсып тастайды,
Қабірге емес шұқанақтарға.
Болма қалқашым жаны тар бейпіл,
Құбыжықтардың танытар кейпін,
Жалған дейтұғын суалған сиыр,
Қайсымызды емізіп жарытар дейсің.



21 мамыр 2004ж.





Пікір жазу