07.09.2022
159
Ауылға кетем
Шу-шұрқандардан шамырқанамын,
Сағындым даламның сағым самалын.
Қамалсам қапырық қатігездікке,
Тартылып кетер сабыр – садағым.
Ауылға кетем, шыдамым бітті,
Білмеймін мұнда бір ағын жұтты.
Жалғандықтардан жүйкем жауыр боп,
Қорқылдағандардан құлағым бітті.
Бейуаз болам деп шалындым өртке,
Қақпанға түстім-ау қалың дүрмекте.
Ауылға кетіп арашаланбасам,
Шалдығар мұнда жаным бір дертке.
Жолықтырғанда қысаңды мыстан,
Қу үмітті кеп құшам құрысқан.
Ауылға барып емделіп шіркін,
Арылар ма екем құсамды құссам?!
19 мамыр 2004ж.