07.09.2022
90
Отарда көрдім қой бағып...
Отарда көрдім қой бағып,
Қара қос тігіп құмдарға.
Өзекті мұздай ой қарып,
Жүргемін сонау жылдарда.
Шуласа бөрі іргемнен,
Далаға шығам дауыстап.
Бір дөңге шығып бір дөңнен,
Кететін ай да алыстап.
Сексеуіл, қиды маздатып,
Қазанға салам сүрі етті.
Күліне қарма аунатып,
Өткізем түнде күзетті.
Туырлықтың етегін,
Көңменен тастап көмкеріп.
Қыж - қыж қайнап кетемін,
Аязда мүлде өртеніп.
Қара қосымда ұлылық,
Қасиеті де ғажап ә?
Тұратын үсіп - жығылып,
Қалшылдап қаңтар далада...
11 мамыр 2004ж.