07.09.2022
180
Алтын сақа
Қырауда қалды қыр таңдай,
Қатулы күздің қабағы.
Қонақтап қалды қырқаң да ай,
Жамылып бұлтты жабағы.
Боз тұман басқан сай жақта,
Ұлиды үрей,
Бөрі емес.
Қонды екен кімдер, қай уақта?
Ескі жұртты ешкім елемес.
Сол жұртта қалған жоғалып,
Іздеймін алтын сақаны.
Арбамды сонда доғарып,
Лашық тігіп жатамын.
Өңіршедейін сөгіліп,
Үмітпен таңым атады әр.
Қалмаса екен көміліп,
Жұрттарда алтын сақалар!!!
16 қыркүйек 2003 жыл