07.09.2022
  83


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бәрі осылай

Сезе алмаймын ай өтті ме?..
Жыл өтті?..
Жерік сезім жұлқылайды жүректі.
Көңілімнің аңғарына мұң қонып,
Сарылтты ма,
Сарғайтты ма,
Жүдетті?
Бәлкім, жүрек, сеземін ол шаршады,
Аласұрып өтуші еді әр шағы.
Сол қалпынан айырылды бұл күнде,
Мүмкін оның шайқалды-ау шалқары.
Сағым елес жалындырған жалған түс,
Махаббат ол –
Қой, қой жаным, алдамшы!
Қу үміттің жетегінде дедектеп,
Ұлылықтың алдында біз жалғаншы.
...Бәрі алдамшы,
Бәрі жалған,
Бәрі арзан,
Бәрі сыңар,
Барлығынан тоналған.


Бәрі жұмбақ,
Бәрі мұңлы,
Бәрі арман,
Бәрі осылай...
Қайда барады о, жалған?..



Маусым 2000ж.





Пікір жазу