07.09.2022
278
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
Сенің көз шанағың...
Сенің көз шанағың,
Шегі жоқ теңіз.
Мен – жалғыз жапырақта,
Жан сақтаған құмырысқа.
Үміт пен күдік егіз,
Шыбыным шырқырар –
Жартас кірпіктерің қағылысса.
Көз жас толқындарың
Алса жанымды,
Жуармын топырақ тәніңді.
Теңіз толқыған,
Тыймаса жалынды
Бірге ағып кетермін,
Қалдырып саған әнімді.
Шегі жоқ теңіз...