07.09.2022
  199


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сазарған таң-тәркі маң ба екен...

Сазарған таң-тәркі маң ба екен...
Суыған кофе – ұйыған қан ба екен...
Қалғыған жұлдыз – қаңғыған жан ба екен...
Азан үні – мен ғашық ән бе екен...
Ол дүние – ой шалмас, мәңгі екен...
Бұл дүние – тәтті екен, мәнді екен...





Пікір жазу