07.09.2022
125
Т-ға.
Тиянақсыз өтер күн,
Ызғарланды өмір сенің от ернің.
Енді сүйсең,
Мұзға айналып кетермін?!
Меңдеткен мұң мезгілім,
Тағдыр қасап, жалаңдатар кездігін.
Бар ма еді әлде –
Менде әкеңнің көз құны.
Айтқаныңда тұрдың да,
Көз жасыңмен ағып барам құрдымға.
Бір мен үшін,
Қасірет боп тудың ба...