07.09.2022
  97


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Қонайын деген бақ маған

Қонайын деген бақ маған,
Үркек бір құстан үркек-ті.
Тілеуқор өңшең қаптаған,
Құл текті, әлде түлкі епті.
Қонайын деген сор маған,
Қорғасыннан да ауыр, беу!..
Сарнаған желді сары далам,
Жағдайың менен тәуірлеу!
Мың сан оқ түткен киіктей,
Дымда жоқ сұлба, құртылып,
Кеудемді кепкен иітпей
Келе ме-ау үрей ұмтылып?!





Пікір жазу