07.09.2022
  101


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жер бетте, мынау келбетте...

Жер бетте, мынау келбетте,
Төр көп пе екен, көр көп пе?
Бір кезде сыйсам жөргекке.
Сыймаймын енді жер-көкке.
Сыймай да жүрмін теріме...
Теліме жынға, періге.
Еліттім – тұлпар тегіне,
Еліктім – сұңқар кебіме.
Әл жиған кеудем дәнекте,
Салып тұр енді әлекке.
Алып ұш көңіл ала өкпе,
Шалам деп жауым дәметпе!
Артыңды білгей, ақырған,
Нарқыңды білгей, ақылман.
Оза ұшқан дүние ғапылдан,
Ақ жебе менмін атылған.





Пікір жазу