07.09.2022
148
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
МАХАББАТНАМА
Кеп ем тоймай,
Келем тоймай,
Барам тоймай – махаббат!
Пай-пай көздер,
Ай-хай кездер,
Сөздер, тездер – қатал-ақ!
Түсі бал-бал,
Тісі мәрмәр,
Ақ арулар – ақтамақ!
Ындын шелдеп,
Сынар шөлмек,
Тындым – шөлдеп, қаталап!
Бір денеде
Құр делебе,
Жүр немере аталап!