07.09.2022
97
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
Еркін Ергенұлына
Бір жұт пенен бір өрттің,
Жемі – байлық деген деп;
Өнер деген гүл ектім,
Сұрағанға берем деп.
Езуінен шоқ атқан,
Тұлпардайын ала ұшқан.
Саз төгілді шанақтан,
Нұр құйылды ғарыштан.
Жалқы жүрек – құдірет,
Сан жүректі табынтты.
Жаратқанның үні кеп,
Жанардан жас ағылтты.
Кеуде толы ғажайып,
Ақ қағазға қонбақ-ты.
Жұлдыз біткен азайып,
Әппақ болып таң да атты.
Таңда атты, тірлік, күйкі күн,
Мендей кім ләззат татыпты?!
Ширығып өтіп бір түнім,
Аймалап тұрмын бақытты.