07.09.2022
  138


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Арман - елік

Ағытылмай басымдағы тиекті ой,
Шабытым жай,
Қалды тағы күй өппей.
Ағысындай өзендердің қиялым,
Сағы сынбай жүрсін ардың шиеттей.
Шың басынан көремін де бір елік,
Күнде асынам мылтығымды біленіп.
Мұң қасынан әрең - зорға алыстап,
Қырға шығам тағдырымнан тіленіп.
Жоқ! атпаймын!
Елік – өзім, өмірім!
Боратпаймын оғымды...
Жоқ төзімім!
Жолатпаймын біреу атса елікті,
Шабақтаймын кездігімен өзінің!
Қанға көміп қайтып сенен қаламын,
Арман – елік қолға тұрсаң бағамын.
Таңда көріп арманымның жамалын,
Арман – елік сені қуып барамын...



1 қаңтар 2000 жыл





Пікір жазу