07.09.2022
  93


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Алмалым, ауылым...

Алмалым, ауылым,
Қалғаным, қауымым.
Өзіңе қайтейін,
Бармадым, бауырым!
Шалғайдан салымым,
Сан майдан, сағым мұң.
Жылайды, шыдайды,
Сарғайған сары ұлың.
Жанғаның, ей, ішім,
Арманым, кейісім.
Самғадым, жетем бе,
Алмалым – бейішім.
Бөрісі ұлиды,
Өрісі іриді.
Ел аман, әйтеуір,
Сонысы бір игі.





Пікір жазу