07.09.2022
  101


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бозамық дала боз таңда...

Бозамық дала боз таңда,
Бозарды жүзің боз бала.
Боздатып күйді созғанда,
Бозармай қалған көз ғана.
Боз көйлек киген боз ару,
Боз кірпігін қайшылап,
Боз құшағын жазады,
Боз шабытты қамшылап.
Боз арғымақ боз жұлып,
Боз жалын жаққа емінер.
Боз жалын жақта үздігіп,
Булыққан боп-боз еріндер.
Боз-бозға қамшы басты әне,
Боз көйлек, боз жел өкпектеп.
Боз таудан ақ таң асты әне,
Боз таңды әрмен кет-кет деп.





Пікір жазу