07.09.2022
90
ГҮЛНИСАҒА
Бокалыма ішер едім мұң құйса,
Тінім әбден үйреніскен, көндіккен.
Алма-кезек Алматы мен Гүлниса,
Басымда жүр қилы қиял өрбіткен.
Жанарына батып кеттім мен қалай,
Тым құрыса кірпігін де қақпады.
Бейпіл пейіл, белі жазық кең дала-ай!
Шаршамадым шығар іздеп қақпаны.
Алматының көкірегінде мұң мен бақ,
Гүлнисаның көзінде тұр бір аумай.
Керегін ол күндізден де ап, түннен де ап,
Сары күзде жайқалып тұр қуармай.
Тінім менің секілді ғой мекенім,
Жүретұғын жайы қайда ылғи сау.
Азаптың да ләззаты бар екенін,
Өзің келіп айтып кетші Гүлниса-ау.