07.09.2022
  86


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Орама майға, орама шөпке...

Орама майға, орама шөпке,
Қайырымсы ма, қарама бетке.
Қалдыр жалғыз ұятым мені,
Өзіңе бір сәт далаға кет те.
Сұр мергеннің құрығындағы,
Көкжал болып ұлиын-дағы,
Періштелерге берейін кезек,
Ақ пен қара иығымдағы.
Балтасы ем үміт талшыбығының,
Жамсаттым талай, жайшылық оным.
Жөнелем енді екі періштенің,
Лебізін тыңдап қайсы бірінің?
Әлемде мұндай атырап бар ма,
Тұрады-ау аруақ бақылап барда.
Екі құлағым екі уағызда,
Көздерім жасыл жапырақтарда.





Пікір жазу