07.09.2022
100
Жаным жүрер далада сайын.
Жаным жүрер далада сайын,
Шаттығың қайда жаз айғы.
Мылтық дауысы көбейген сайын,
Құстың үні азайды.
Алыста емес іріген ірге,
Күніңе қайбір қол артам?
Жоғалған құстың бірімен бірге,
Жанымды мен де жоғалтам.
Жүдеуің бұл ма жүрегің аман,
Одан да әрмен жүдерміз,
Жасыл әлемді адыра қалған,
Аңыз ғып айтып жүрерміз.