07.09.2022
  86


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Көктегі бұлттар жүзгені жай ма?..

Көктегі бұлттар жүзгені жай ма?..
Көңілсіздік бар күздегі лайда.
Үмітті менен үзгені ойда,
Барады құстар тізбегі қайда?
Жаңбыр ма, жас па, сырғиды бетте,
Ұқтырар жүрек сыр күйді шерткен.
Көлеңке кешкі мүлгиді көкте,
Кеудені бір мұң үңгиді ептеп.
Етек пен жаға ермегі желдің,
Қайнына ғашық жеңгедей ме едің?!
Жаңбырды жастың кермегі жеңді,
Сары жапырақтар көмбегей мені.
Місін көңілім, міскін ымыртта –
Иіре алмай ұшқынын ыққан.
Қараймын көзім боталап тұрып,
Құс сіңіп кеткен сұп-суық бұлтқа.





Пікір жазу