07.09.2022
  102


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Біздің жаққа қар жиі жауатын еді...

Біздің жаққа қар жиі жауатын еді,
Айнала шекерім еді, науатым еді.
Алып ұшса арманның қанаты мені,
Үркер жиі төбеден ауатын еді.
Біздің жаққа қар жиі жауатын еді,
Мені сонда бір сиқыр табатын еді.
Жыр байланып әйнекке қалатын еді,
Сүңгі мұздар әуен боп таматын еді.
Біздің жаққа қар жиі жауатын еді,
Анам пешке тобылғы салатын еді.
Әкем қолға домбыра алатын еді,
«Сары жайлауға» маң естен танатын еді.
Біздің жаққа қар жиі жауатын еді,
Айнала шекерім еді, науатым еді.
Шыққыр көзін жаттардың қаратып еді,
Жанды жейді қайғының қара түнегі.
Біздің жақта..............................................





Пікір жазу