07.09.2022
131
Тәлей, тағдыр бара ма-ау сараңданып
Тәлей, тағдыр бара ма-ау сараңданып,
Жаным жалқы тартып тұр,
Санам ғарып.
Аунап-аунап қайтайын саған барып,
Ашылатын нәзік гүл содан жарып.
Құт мекен, қойнауым да, жайлауым да,
Сен де екен – алдан құшақ жайғаныңда.
Төрінде – тұлпарымды байладым да,
Өзіңде – ләззатыма тоймадың ба!
Бала боп жетуші едім, –
Ерке гүлдей.
Дана боп кетуші едім –
Өр көгіндей.
Күй кешіп мың бір түннің ертегіңдей,
Бірге ұшып хақ жәнаттың тең-теңіндей...
Малынып шыға алмай жүр
мұңнан қайығым,
Бір-біріне біздердей құрбан қай, кім?!
Алапат өрт өтінде тұрғандаймын,
Тартып ал құшағыңа нұр маңдайлым!