07.09.2022
  112


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Таң білінді тағы бір балық қарын...

Таң білінді тағы бір балық қарын,
Сорып бәрін, жұлдыздың алып қарын.
Әлденені іздеймін аласұрып,
Анық жоғын білмеймін, анық барын.
Кеш батады кердеңдер қараңғылық,
Шараң құрып, әлде не алаң қылып.
Тағы-тағы іздеймін аласұрып,
Шалма тастап ғайыпқа, салам құрық.
Күндер қайран, бақ, құмар, қыз-беу, деген,
Жан қашарда тәніңді сыз кернеген.
Кінәлар мен күнәлар арасынан,
Өтеді екен кісі өзін іздеуменен.





Пікір жазу