07.09.2022
85
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
Жер ортасы жасқа келіп...
Жер ортасы жасқа келіп,
Адасқанымды білдім.
Танауымды тасқа беріп,
Санасқанымды білдім.
Өлшеусізбін дегендердің,
Өлшенетінін білдім.
Қанша құздың, белеңдердің,
Теңселетінін білдім.
Хандар менен қаралардың,
Қатарласатынын білдім.
Бірге – дара-даралардың,
Сапарласатынын білдім.
Бір көреміз дегендердің,
Көрмейтінін білдім.
Бірге өлеміз дегендердің,
Өлмейтінін білдім.
Мынау жарық маңайымның,
Жалған екенін білдім.
Арбаған таң, арайыңның,
Арман екенін білдім.
Жер ортасы – көктөбеде,
Кім екенімді білдім.
Кірейін деп отты өреге,
Тұр екенімді білдім.