07.09.2022
  95


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Өтінде жүрсің дейсіңдер...

Өтінде жүрсің дейсіңдер,
Бүгін де бер жақ, ар жақтың.
Миымды шағып жейсіңдер,
Дәніндей көріп жаңғақтың.
Шытынап тұрған онсыз да,
Көргені көп кәлла еді.
Арман болған сансызға,
Дәнді еді, дәні – дәмді еді.
Өзі тылсым болғанмен,
Тылсымы жоқ шешпейтін.
Жауы қырнап-жонғанмен,
Сәулесі бар өшпейтін.
Басымды сендер көп даң қып,
Тұрғанда, көктен, алыстан:
«Талайды әлі дода қып
Тартасың!» – деп тұр сауысқан.





Пікір жазу