07.09.2022
  120


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АҚЫН АҒАЛАРЫМА

Иман жайып өскен гүлдер-ай!
Жиған ба алып дерсің сұлулық.
Иран-Ғайып кешкен күндер-ай!
Исрайыл – ескен жылулық.
Белгілі шаттық, шер тегі,
Жаным деп өскен өлкені.
Иран-Ғайып – ерке, тентегі,
Исрайыл – мөлдір өр көгі.
Көп сүйер, азы айыптар,
Алда күн бәрін анықтар.
Меніңше олар – алыптар,
Исрайыл, Иран-Ғайыптар.
Санасы мұз боп сірескен,
Саңылаусыздарға зауал ма ең?!
Бітеумен және күрескен,
Тірескен сайқал заманмен.
Исрайыл, Иран-Ғайыптар.





Пікір жазу