07.09.2022
  73


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Ширықтырса да бұл жалған...

Ширықтырса да бұл жалған,
Ширықтырма домбыраңның ішегін.
Аздырмас қоңыр үн жолдан,
Шығарар тысқа іш шерін.
Күш қылған мен ышқынған,
Даламызға, тегімізге жат-тұғын.
Өшпес жалын жаралар жалғыз ұшқыннан,
Түзуін оқтың, сүйеміз оттың пәктігін.
Адалын, азған баға алмас,
Табамын деме көр көкіректерге күй бұқса.
Онсызда мүшкіл хал оңбас,
Қоңыр үнді Әулиеміз ширықса.





Пікір жазу