07.09.2022
  86


Автор: Ермұрат Зейіпхан

МЕН ЖӘНЕ МУЗА

Мен сайрасам, сайрайды,
Мен жайнасам, жайнайды.
Мен жыласам, жылайды,
Мен құласам, құлайды.
Түпсiз терең былайғы...
Сен көнбесең көнбеймiн,
Сен көрмесең көрмеймiн,
Сен көл десең көлдеймiн.
Өзiмдiкiн «сен» деймiн,
Өзiңдiкiн «мен» деймiн.
Өзгеге ендi сенбеймiн!





Пікір жазу