07.09.2022
110
Ауыр жүк және ауыр ой...
Ауыр жүк және ауыр ой,
Ғұмырымның жолдасы.
Әпермейдi екен абырой,
Тегi жаяуға – жорғасы.
Жақыннан жаттық сезген соң,
Жарылқар ма екен бөтен ел.
Тау тұрады белден соң,
Сезiмi сергек – өтедi ол.
Ауыр ой және ауыр жүк,
Санатар әр адымды.
Таусылмаймын абыржып,
Жалдамаймын жадымды.
Сауап қой алған әр демiң,
Көкiрек көзiң ояуда.
Жер-су баспас әлде кiм,
Ойланар қарап жаяуға.