07.09.2022
  131


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сен бөлексiң, жекесiң...

Сен бөлексiң, жекесiң,
Көзiң үмiт, кекесiн.
Сөзiң тағы төтесiн:
«Қолыңды созсаң жетесiң!»
Сен – жалқысың, жалғызсың,
Гүл көктемсің, сары күзсiң.
Жайдары жаз, қар – мұзсың,
Күн – дидары, Ай – жүзсiң.
Сен еркесiң, дарасың,
Биiктеп әттең, барасың.
Айтады көзқарасың:
«Талмасаң, тауып аласың!»
Сен – қиялсың, санасың,
Жаусаң – нұр боп жауасың.





Пікір жазу