07.09.2022
  117


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бiлiп пе ек бауырым қауып қай терең?

Бiлiп пе ек бауырым қауып қай терең?
Жанымды өртке малып қайтер ең...
Жол түссе – Күнесiм көз жасым менiң,
Үш уыс топырақ алып қайтар ем.
Ерте ме, кеш пе құшар жанымды,
Үш уыс топырақ үш аруағымды,
Кеудеме басып оралсам елге,
Айтпас та ем бауырым еш арманымды.
Шетiнен шенiне шексiз даланың,
Қаңбақ боп ұшқан ессiз баламын.
Ата, Ана, Аға – көзiңдей қайра-а-ан!..
Үш уыс топырақ шексiз бағалым.





Пікір жазу