07.09.2022
  113


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бiр күбiр, бiр дүбiр...

Бiр күбiр, бiр дүбiр,
Қылды ығыр, құлдық ұр.
Қыл-қыбыр, жын-жыбыр,
Мезi еттi-ау – бұл ғұмыр.
Ашық жүр, шашық жүр,
Ғашық жүр, машық жүр.
Қонып жүр, көшiп жүр,
Суқаным шошып жүр.
Бүкiл маң кесiрден,
Құтырған, есiрген.
Тұтылған, кесiлген,
Үмiтiңдi өшiрген.
Балаң кiм, Анаң кiм,
Аран түн, алаң күн.
Тоналдым, таландым...
Қасында-ақ моламның.
Басқа ендi не дейiн...





Пікір жазу