07.09.2022
  61


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сан құйқаға төзiмдi...

Сан құйқаға төзiмдi,
Пендемiз бе?!
Мен iздеймiн өзiңдi,
Сен де iзде.
Таста да бар тiршiлiк,
Мүктенедi,
Онда үмiттiң қыршылып,
Бiтпегенi.
Пәруанамын мен бүгiн,
Төнген отқа.
Баламашы беу, гүлiм,
Барды жоққа
Жүрек бүлiк салады,
Кел, кеп қара:
Сен деп қана соғады,
Сен деп қана.





Пікір жазу