07.09.2022
  70


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Даланың бiр аты тау едi...

Даланың бiр аты тау едi,
Тау – Тәңiрге таяу едi,
Тәңiртау алыста қалған,
Сол көңiлге қаяу ендi.
Даланың бiр аты ел едi,
Ел – ебелек пе едi?
Ел қалды ерлерiн еңiреткелi.
Даланың бiр аты – су
Су – көз жасы ма едi.
Зұлматты саған емес,
Тiлейiн өз басыма ендi.
Даланың бiр аты – ну,
– Ну – нұрай ма ендi?
– Нуына жұтаған жер,
– Тұнжырай ма ендi?
Даланың бiр аты – көр,
Көр – екi өмiрге есiк!
Ел мұңдар кiмге қалдырып кетемiз десiп.
Даланың бiр аты – боз,
Боз – бетеге, жусаным.
...Қалды ғой қайтейiн...
Қалғаны құр сағым.





Пікір жазу