07.09.2022
  145


Автор: Толқын Қабылша

ҚАНДАЙ ҚИЫН?!

Тапсам-дағы сені тағдыр тезінен
Тәтті үміттен,
Таңның ынтық сөзінен.
Тағдырымды табыстамай қолыңа.
Қарайламай сенің қашық жолыңа.
Ұмытуға тиіспін мен,
Сезінем…
Көңілімен күн елесі өшпеген
Сен сезімсің,
Біздер, бәлкім кешпеген?
Қимастықсың, өмірімдей аяулы
Құштарлықсың,
Көңіліме түсірмеген қаяуды
Қандай қиын?
Бізге бәрі кеш! Деген.
Аңсарыңдай,
Ақиқатқа көнбеген.
Бақыт жолы болмайды екен көлденең.
Тағдыр, бәлкім, сонысымен жұмбақ та?
Ғұмыр, бәлкім, сонысымен қымбат па?
Сағыныш боп қалайықшы, екеуміз
Бір сезімге,
Бір мейірге шөлдеген.





Комментарии

Абзал
Абзал 08.09.2022 17:59
Бөлек ақын! Биік ақын! 100 жасаңыз сұлу қыз!

Пікір жазу