meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.09.2022
  132


Автор: Толқын Қабылша

КІМСІҢ СЕН?

Қарашықтағы құдіретпісің?
Кімсің сен?
Сағынышсың ба?
көзімде үнсіз күрсінген?
Қашықтықтарға, уақытқа ұлы тәуелсіз,
Күн кешіп жүрсің,
кеудемде мынау мұң сіңген…
Кірпігімдегі үмітімбісің үзбеген?
Жарығымбысың,
жазмыштан үнсіз іздеген?
Жалқы күнімді, жалқы жырымды білмей-ақ,
Ұғым боп алған «біз» деген…
Мейірімсің бе?
Жанымның гүлі шөлдеген.
Сенімімсің бе?
Сынақта сан мың өлмеген
Сүйінбей, сүймей, сүйікті мүлдем болмай-ақ,
Жырақтан жатқа бермеген…
Тәңірімсің бе?
Жүрекке иман сыйлаған
Нәзігімсің бе?
Нәркестігімді қимаған.
Жаратқанымның жер бетіндегі тартуы
Кім болсаң-дағы, иланам!





Пікір жазу