07.09.2022
97
ДОСҚА СЫР
(Бақытгүл Бабашқа)
......ауыр наласы
ойсыратты ма жақынның?
Жайдарлың едім,
Шерлімін бүгін, пақырмын.
Өзіңмен мүмкін,
сырласқан сәттер – бақытты,
Өлеңмен бәлкім,
қауышқан сәттер – ақынмын.
Қажып келемін,
Жанының нұры жоқтардан,
Таршылық етіп, аспан мен жердің арасы.
Тірлік-күресте,
жеңіске ғана оқталған,
Батырмын деуші ем,
кейпіме мына қарашы.
Бағым деп білген,
Шаршатты сордың әуресі.
Жұбатшы өзің,
деуші едің маған «Жасыма!»
Жоғалмасыншы жанымның жарық сәулесі,
Достым-ау, бір сәт,
Келсеңші, менің қасыма.
Күйретіп бітті...
Мейірім күткен жанымды,
Қатігез күн мен қарау ниетті пенде ісі.
Достым-ау менің, сарсаңға түскен халімді.
Жарыққа толы жалғыз-ақ сөзбен,
емдеші.
Келсеңші!!!