meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.09.2022
  140


Автор: Толқын Қабылша

ЖАҢБЫР

Жаңбыр жауса, сезесің бе, жып-жылы,
Жұпарынан сендік иіс аңқиды.
Жаңбырдағы сағынышқа үздігіп,
Жазықсыз дем,
жанымды көп шарпиды.
Жанарымды жуып жатса, тамшылар,
Жатырқамай, өзің сынды, құшамын.
Жаңбырдағы сағынышқа малшынар,
Су-су болып, діріл енбес құшағым.
Ерініммен жаңбыр дәмін
Тамсаймын,
Елжіресем, ернің келіп өбердей.
Жауыныңды ақ бұлт болып, аңсаймын,
Ғанибетін аспан сенсіз төгердей.
Жаңбыр жауса,
Сағынышқа малшынам.
Жалт-жұлт еткен,
Жанарымда тәтті үміт.
Жүрегімді сансыз мұңнан аршыған.
Келбетіңде жатыр қандай бақ тұнып...?





Пікір жазу