07.09.2022
117
Жолықтың маған
Жолықтың маған
Ғарыштан күнім, аспаннан
Жанардан мөлдір жас тамған.
Кіршікісіз үміт кірпіктерімде дірілдеп,
Жердегі мұңнан,
мендегі сырдан жасқанғам.
Жасқанғам солай,
Рухынан тылсым жаныңның.
Жабыққан мендік әлемнен қалай табылдың?
Бақ пенен сорды құшақтап жүріп, күткен ем,
Арасын кезіп сағымның.
Сағындым, қанша, сағындым.
Түйсігімдегі
сағыныш болып кезіктің.
Санамнан мөлдір ықпалын қуып сезіктің
Жеті қат жер мен ғаламат мынау аспанның,
Елшісі сенсің, тез ұқтым.
Тағдырға тосын төзіп мың.
Елегізідім бе,
Үніңді сосын естідім.
Құстар қайтатын қарбалас сәтте кешқұрым
Қол созым бақтың тани алмаған кескінін,
Бейбақты мендей кеш, күнім!
Болмайсың, білем ешкімім!