meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.09.2022
  187


Автор: Толқын Қабылша

ЖАН АЗАБЫМ

Жадыңда ма,
Жалт етіп қарағаным?
Қарағаным, таусылып бар амалым.
Жанарымнан жарқылы ғайып болған,
Жүрегімде сол бейнең, санада мұң.
Санада мұң, сарғайған дала да мұң,
Сен келмейтін сол өгей қаладамын,
Сенсіз күлген сәттен де сарқылатын,
Сағыныштың тұқылы, жан азабым.
Жалғаннан да жалықтым,
Жалынсызбын.
Жалынсызбын, өткеннің бәрін сыздым.
Сенсіз өлең өксиді өзегімде,
Сенесің бе, мен сенсіз дарынсызбын.
Бақ құсындай басыма қона алмаған.
Базарлы шақ секілді мені алдаған.
Базыналы күндердің өтеуі боп,
Сағыныш боп қайтадан, орал маған.
Сағыныш боп,
Қайтадан орал маған!





Пікір жазу