07.09.2022
95
МЫНАУ КӨККЕ МЕН ҒАНА МА ЫНТЫЗАР?
Астананың аспанынан аумайтын,
Мынау көкке мен ғана ма ынтызар?
Шуақсыз-ақ, өн бойымды баурайтын,
Бұлт кейпіне болдым ба екен шын құмар?
Сонау зеңгір, күрсінгенде сезіммен,
Аңсай түсем, сол әлемнің аспанын.
Зеңгір көкте, қимастықпен көз ілген,
Көк бұлттарда жатыр екен қанша мұң?
Түнерген бұлт, сенесіз бе, ұқсайды,
Мен ұнатқан қабағына аңсардың.
Қолым созсам, бір құдірет тұсайды,
Мен тағы да, сағынышты қарсы алдым.