07.09.2022
  91


Автор: Толқын Қабылша

БІЛМЕЙМІН, БАҚ ТАБАМ БА?

Маңдайдан бір күні кеп иіскер деп,
Тағатсыз тосады екем.
Көздерді сағынышпен түйіскен көп,
Шалмайды құса бөтен.
Мен үнсіз сүйіп қалған қарашықты,
Білмеймін,
қандай үміт құшады екен?
Сезімім сергелдеңсіз, сіз секілді.
Сабырым – тұрағым ол.
Сіз болып елжіреткен күз секілді,
Күлімдеп тұрады жол.
Жаныңды сая тұтқан жаз жанымның,
Жалғыз-ақ,
Сіз дегенде шуағы мол.
Нәп-нәзік тілегімнің иесі өзің!
Білмеймін, бақ табам ба?
Айтылмас бір өлеңнің киесі өзің,
Жүрегім жаттап алған.
Көзіңде – риясыз сыр, бар дерегім,
Сол көзді қызғанам ғой, басқалардан...





Пікір жазу