07.09.2022
113
ЕЙ, АҚ ЖАУЫН, ӨТКІНШІ!
Сағыныш па деп ойлаушы ем көктемді,
Кезіп жүрген дүниені шарқ ұрып.
Ұмыттырып нала толы өткенді.
Танытатын нар қылық.
Махаббатқа ұқсаттым ба дидарын,
Жанарымен жарты әлемді өртеген.
Гүл орнына ұсынғанда сыйға мұң!
Шабыт дедім, дерті – өлең.
Іңкәрлік деп иіскедім жұпарын.
Өн-бойымды сезім болып еліткен.
Мұң көрсем де бүршігінен бұтаның,
Өмір дедім сеніп мен!
Тереземе тамшы тисе,
елеңдеп,
Көктем дедім, нөсерлетсін, төксінші.
Көктем-ғайып,
не қалайсың менен көк?
Ей, ақ жауын, өткінші!