07.09.2022
  121


Автор: Толқын Қабылша

СЕНЕСІЗ БЕ?!

Еркелегім келетіндей.
Тіл қатқым.
Сіз – құпия.
Мен де бәлкім жұмбақпын.
Алабұртқан әр сәтімде биіксіз,
Аңсарыңдай мен де сізге жұмбақпын.
Кетер дейсіз, қолдан қиып бағын кім?
Келеді екен жаныңыздан табылғым.
Сенесіз бе?
Сізді алғаш ұнатқан.
Сергелдеңсіз сәттерімді сағындым.
Күн боп көктен,
Сыр боп өктем үн қатып.
Әз-бейнеңіз болып алды жырға құт.
Дүрсіліндей алып-ұшқан кеудеңнің,
Жүрек үнін жүрсіз солай тыңдатып.
Әз-басыма бақыт көп қой қонбаған.
Кейіпкердей өз ғұмырын сомдаған.
Сыңарың боп, мен жүрейін өлеңде,
Ғұмыр кешші,
Қуат екен сол маған.





Пікір жазу