07.09.2022
90
АҢСАР
Қарашыққа мұң тұнғанда жасырын
Қылқаламның қуаты да көмескі.
Өзегіме тұнған сырдың ашығын,
Өлең ғана жеткізеді ең есті.
Жан сырымды көлегейлеп күн кейпім,
Сабырымнан сезім кейде қашқанда.
Жұлдыздардай түн қойнында сөнбейтін.
Мен үн-түнсіз көз тігемін аспанға.
Аңсарымды аспан ғана ұғынып,
Арманымның сәулесін кеп аймалар.
Сурет емес.
Мендік ішкі жылылық.
Сол сәттерде жымияды жай ғана.