07.09.2022
120
БІР САҒЫНЫШ ҚОЛ БҰЛҒАЙДЫ АРТЫМДА
Сен сертіңнен,
Мен өртімнен безіндім.
Екеумізден сырт айналды сезім-мұң.
Асқақтығым азат етті жүректі,
Сен жырақтан салқын тартып, көз ілдің.
Кездеспеген,
Тілдеспеген қалпымда,
Бөленбедім жаныңдағы жарқылға.
Жолайрықта жолықпайтын армандай,
Бір сағыныш қол бұлғайды артымда.
Біздер солай қош айтыстық,
Үн-түнсіз.
Күн кешерміз,
мен өзіңсіз, сен мұңсыз.
Күрсінбеуді өмір өзі үйретті,
Ғұмыр кеше алам ба екен күлкіңсіз?
Кім білсін?..