07.09.2022
  109


Автор: Толқын Қабылша

ӨЗГЕ ЖЫР

Сіз өзгесіз,
Мен де өзге,
өзгеміз.
Өзгешелеу біздер кешкен сезім де.
Өзге көктем,
өзгеше мұң,
өзге күз.
Біз өлеңбіз –
өмір тұнған көзінде…
Өзге ешкім ұғына алмас шаттығын.
Біздің бақыт –
үнсіздікпен үйлесу.
Сезімдердің күнәсі мен пәктігін,
Аңсаумен-ақ,
Астаң-кестең күй кешу.
Базарлы шақ,
болса-дағы қанша алыс.
Жетем деумен
Сен де,
мен де сергелдең.
Біздің ғұмыр – ақиқатпен арпалыс,
Күнтізбеге күн кешетін сенбеумен.
Сағынышы сары күзге айналған.
Көктемінде өзгеше бақ.
Өзге нұр.
Біздің ғұмыр – мезгілдерге байланган.
Өзге бақыт.
Өзгеше үміт,
Өзге жыр…





Пікір жазу